Created: 15 Қазан 2020
733

Басшылық

 

Намазова Аида Омуркуловна – «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры

Білімі жоғары – Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық Университетін бітірген, мамандығы – тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы.

Университетті аяқтаған соң «Мээрим» Қайырымдылық қорында ерікті болды. 2002 жылдан бастап «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінде тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы болып істеді. 2006 жылдан бастап «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде жұмыс атқарды. 2021 жылдан бастап «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры қызметіне тағайындалды. Жоғары кәсіби біліктілігі бар.

2018 жылдан бюері «Талап» НАО штаттан тыс тренері.

Колледждің оқыту-тәрбиелеу жұмысы барысында өз қызметіндегі басымдық бағыттар студенттердің шығармашылық бастамаларын алға жылжыту керек деп есептейді. Студенттергебағдарланған әдіс-тәсілдер оқытушылар құрамының мазмұнын, түрлерін және әдістерін жетілдіруге жетелейді. Оқушылар арасында қазақстандық патриотизм мен азаматтық позиция, саяси және құқықтық, рухани-адамгершілік мәденит, салауатты өмір салтын қалыптастыруға көп көңіл бөледі.

Сонымен қатар кәсіби практиканы ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестік орнату, олардың тапсырысы бойынша кадрлар дайындаубойынша белсенді жұмыс жүргізеді, жұмыс берушілердің қатысуымен олардың бағдарлы жұмысына қатысады. Бітірушілерді жұмысқа орналастыру қызметінің жетекшісі болып табылады.

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығы бойынша дуальді бағдарламаны енгізуде «Бақытты балалық» - «Счастливое детство» бағдарламасы аясында аудандық семинарларға қатысады.

Белсенді жұмысы үшін аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Ресурстық орталығының» Алғыс хатымен, өскелең ұрпақтыоқыту мен олардың қазақстандық патриотизм және отансүйгіштік сезімін қалыптастырудағы жемісті еңбегі үшін «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының және аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, білім беру саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Қордай аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың Алғыс хатымен (Нұр-Сұлтан қ., 2019 ж.) марапатталған.


Толеуова Гулдана Боранбайқызы -директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

Білімі жоғары - Тараз инновациялық гуманитарлық университеті, «Филология» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 2009-2013жж

Мансап жолы

Еңбек жолын 2013-2016 жылдар аралығында Қордай ауылы «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған.

2016-2018 аралығында №47 орта мектепте іс-жүргізуші болып қызмет атқарған.

2018-2020 ж аралығында №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды.

2021-2022 оқу жылында Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы және әдіскер қызметінде жұмыс атқарды.

2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін осы аталған колледжде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде қызмет атқарып келеді.


 

Дургалова Камиля Махамбетовна – колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

Білімі жоғары – Ж.Баласағұн атындағы ҚМҰУ лингвист, «Шет тілдер мәдениеттерді оқытудың теориясы мен методикасы» мамандығы бойынша оқытушы (Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация»). 2014 жылы «Психология» бағыты бойынша магистр дәрежесі берілген. 2015 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді.

2015 жылы бірінші кәсіби категория берілген.

Дургалова К.М. педагогикалық шеберлікті жетілдіруге талпынады, өз қызмет нәтижелері үшін жоғары жауапкершгілігімен ерекшеленеді. Негізделген теориялық дайындық, әрбір сабақты жүргізуде әдістер мен тәсілдерді жіті талдау, қосымша материалдарды қолдана білушілігі оның пәндерін қызықты, мазмұнды, продуктивті ете түседі. Оқытушы материалды жеткізе біледі, эмоциямен, оқушыларды пәнді терең үйренуге жетелейді. Күрделі педагогикалық мәселелерді шешудегі дербес тәсілдері шығармашылық біркелкіліктен алыстап, студенттердің жетістіктерін болжап отыруға мүмкіндік береді.

Камиля Махамбетовна әртүрлі деңгейдегі топтарда жұмыс істейді және оқытудың озық технологияларын енгізу арқылы оңды жетістіктерге қол жеткізеді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдайды. АКТ технологиялар, денсаулықсақтаушы технологиялар, критикалық ойлау технологияларын біледі және іс жүзінде қолданады.

Дургалова К.М. өзінің өзіндік білім алу бойынша «Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық-коммунакациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында тәжірибесін жинақтаған, «Шетел тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер» ғылыми-практикалық семинарында сөз сөйледі, педагогикалық оқуларға қатысып, әдістемелік жиналыстарда «Ағылшын тілін оқытудағы компьютерлік технологияларды пайдалану» атты баяндамамен сөз сөйледі, жүйелі түрде баспасөзде мақала жариялайды, «Инновациялық технологиялар және озық шешімдер» атты жас ғалымдардың жоғары оқу орындары арасындағы ІІ-ші ғылыми-практикалық конференция-байқауының жұмысына қатысып, ІІ-ші жүлделі орын иеленді, «Ең үздік жас оқытушы» аудандық кәсіпік байқауына қатысты.

Көптеген әдістемелік еңбектері бар: «Ағылшын тілі сабақтарындағы ойындар жинағы», «Әріптестікте оқыту (cooperativelearning)», «Ағылшын тілі сабағында АКТ пайдалану» және т.б. «HAPPYENGLISH» үйірмесінің жұмысын басқарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру аясында студенттер арасында «Таза сессия», «Адалдық алаңы» жастар акцияларын, ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлтаралық келісімді қолдауға бағытталғане шаралар ұйымдастырады.

Кәсіби біліктілік, пәнде құмарлық, кең эрудиция, бауырмалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, мақсат қоя білушілік, оған қол жеткізу жолдарын таңдау, ұйымшылдық және табандылық тәріздік К.М.Дургалованың қасиеттері құрметке ие және оқытушылар, білім алушылар мен ата-аналар арасында беделін арттыра түсуде.

«Nur Otan» партиясының мүшесі. 2016 жылдан бастап Жамбыл облысы, Қордай ауданының «Ахысқа» түрік этномәдени орталығы ҚБ филиалының директоры.

Келесі наградалары бар:

«Ең үздік жас оқытушы – 2014» аудандық байқауына белсене қатысқаны үшін және ағылшын тілі бойынша олимпиадада бірінші орын иеленгені үшін Алғыс хаттар.

«Nur Otan» атынан Қордай ауданының қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін Құрмет грамотасы, «Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбындағы аудандық конференцияға белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасы.

Жас ғалымдар арасындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаны үшіен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған (Халықаралық инновациялық технологиялар университеті, Бішкек қ., 2014 ж.).

Облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағы филиалынан Құрмет грамоталары бар. «АзТурк» эктномәдени орталығынан Қордай ауданының мәдени және қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасын алған.

«Nur Otan» партиясы облыстық, аудандық филиалдарының, аудан әкімдігінің, мәслихаттың Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.

Білім беру саласындағы қомақты үлесі және оқушылар арасында ұйымдастырылған Республикалық Онлайн Олимпиадаға жүлдегерлер дайындағаны үшін ұйымдастырушылық комитет төрайымы М.Махмудовадан Алғыс хат алған (Нұр-Сұлтан қ., 2020 жыл).