Created: 21 Қантар 2021
126

СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Қашықтықтан оқытуда

пандемия кезіндегі коронавирустық инфекция

таралуының алдын алу мақсатында

2020-2021 оқу жылына

 

Құрметті студенттер!

«Береке»  гуманитарлық-техникалық колледжі ҚР Үкіметінің covid-19 таралуының алдын алу туралы өкіміне сәйкес және Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңіндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес (ҚР БҒМ 13.08.2020 № 345 бұйрығы уақытша, белгіленбеген мерзімге дейін қашықтықтан білім беру технологиясын пайдалана отырып оқыту жүргізеді

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың келесі тәртібі анықталды (ҚО):

  1. Оқыту топтың бірінші семестрге арналған кестесіне сәйкес, басқа бұйрықтарды алғанға дейін жалғасады.

2 ҚО ұйымдастыру колледж білім алушыларымен платформа арқылы жеке және (немесе) топтық жұмыс жүргізіледі https://zhambyltipo.kz/, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады.

  1. (оқытушының келісімі бойынша) әрбір оқытылатын пән бойынша жеке чат құрып, оған пән оқытушысын қосу қажет.

Студент міндетті:

а) оқытушыдан тапсырмаларды уақтылы қабылдау және орындау;

б) тақырып бойынша орындалған жұмысты чатқа кез келген уақытта, бірақ сабақ кестесі бойынша басталғаннан кешіктірмей жіберу;

в) оқытушымен онлайн-байланыс (топтық, шағын топтармен, жеке) кестеге арналған сағаттарда өткізу.

г) оқу тәртібін қатаң сақтау (онлайн-байланыстың болмауы және алынған тапсырмалардың орындалмауы қатыспаушылық ретінде қарастырылады).

Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу мақсатында халық көп жиналатын орындарға баруды барынша болдырмау; үйден тыс жерде маска режимін сақтау; жеке гигиена ережелерін сақтау: қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолды жуу және антисептикпен өңдеу (жеке) және т. б.; жуылмаған қолмен көздің, ауыздың және терінің шырышты қабаттарына тигізбеу; үй-жайды желдету; дене температурасы көтерілген кезде дәрігерді үйге шақыру!.