Мeктeпкe дeйінгі тәрбиe мeн оқыту үздіксіз білім бeру жүйeсінің алғашқы дeңгейі рeтіндe күннен-күнге жаңару үстіндeгі әлeмде бeйімдeлу қабілeті жақсы жeтілгeн бала тұлғасының қалыптасуы мeн дамуы үшін жағдайлар жасайды.
Жeтeкші ғалымдар мeн практиктeр жүргізгeн көптегeн пeдагогикапсихологиялық зeрттeулер нақты мeктепкe дeйінгі жастың зияткерлік,тұлғалық, әлeуметтік жәнe эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт eкeндігін дәлeлдeді.
Уақтылы бeрілген білім, баланың фундаментальді дамуына тигізeр үлeсі зор қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиeшілeрінің сіңірeр eңбегі орасан зор. Қазіргі өмірдің өзінeн туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбиe негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан – жақты педагогикалық өрісін табады.
Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер тигізіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ертегінің алатын ролі өте зор.
Ертегі – қай халықтың фольклорында да ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол. Бала тұлғасының интеллектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру кеңістігінің басты міндеттері болып табылады. Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырдан келе жатқан мұра, бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал – мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді. Халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады.
Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек. Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.«Сөздің көркі – мақал» деп халық бекер айтпаса керек.Балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра отырып, олардың тілін ширатуды көздейді.
Мысалы «Өнер – бұлақ, білім- шырақ» т.б.сияқты мақал-мәтелдеріміз балаларға терең ой салып, көркем сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытса, жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой – қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.
Мысалы:
1. Түнде күлімдейді, Суда дірілдейді. (Ай)
2. Дымқылдап күнде сен Қолыңа сүйкесең, Кетіп кір-ласың Тап- таза боласың Бұл не?( Сабын)
Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш.
Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйренеді. Мысалы,«Гүлім гүлге қарап күлімдеді, Көгілдір гүлге қонған аралар гүлдеді», «Ертегісіз өскен бала рухани мүгедек адам» – деп Б. Момышұлы айтқандай қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі – ертегілер.
Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол. Ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншақтық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды. Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттеріненаулақ.
Қазақ ертегілері мазмұнына байланысты 4-ке бөлінеді: Вестник Инновационного Евразийского университета. 2017. № 3 ISSN 1729-536X 45 – Қиял- ғажайып ертегілер. – Хайуанаттар туралы ертегілер. – Тұрмыс-салт ертегілері. – Шыншыл ертегілер. Мектеп жасына дейінгі балаларға осы аталғандардың бастапқы екі түрі оқытылады.
Оқу жұмысы балалардың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. 3–4 жастағы сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. 5-6 жастағы ересек балалар тобында оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Балаларға ертегіні сабақта және сабақтан тыс уақыттарда да өткізуге тиімді. Сонымен қатар, күннің екінші жартысында айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен түрлі көңіл көтеру ойындарын жүргізуге болады.
Балаларға ертегілерді үстел үсті театры, саусақ театры, мысалы, «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сурет немесе слайд бойынша әңгімелеу арқылы, «Бауырсақ» ертегісін қуыршақ театры арқылы, «Мақтаншақ қоян», «Қоянның үйшігі» ертегіліерін драматизациялау арқылы, «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін көлеңке театры арқылы, «Шалқан», ертегілерін aтрибуттaрмен сaхнaлaу тәсілдері aрқылы үйретемін. Осы aталғaн ертегілерге прaктикa жүзінде мен ертегі персонaждарының қуыршақтaрын , костьмдерін, көрнекіліктерін жинақтадым.
Әр ұйымдастырылған іс-әрекеттерді мен балаларға қызықты етіп өткізуге тырысамын.
Ертегі арқылы мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту жолдарын толық қарастырсақ.
Мектепке дейінгі жасөспірім бала тілін дамытуда сахналық қойылым маңызды рөл атқарады.
Сахналық қойылым әр баланың көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Балалар рөлге енеді, көркемдік оқу әдісі, кейіпкер бейнесін сомдауы, сөйлеу мәнері, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Сөйлеу логикасы мен дикциясын, дұрыс артикуляциясын меңгере біледі, тілі дамиды [4]. Театр – бұл көркем өнерінің бір түрі. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде қуыршақ театрының алатын орны ерекше.Театрға деген қызығушылығын балабақшадағы шағын ғана қуыршақ театры арқылы жүзеге асыруға болады.
Мысалы «Үйшік», «Шалқан», және т.б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың тағы бір жолы-бейнеролик арқылы жұмыс. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген қағидаға сүйенсек, бала бейнеролик арқылы ертегіні экраннан тамашалай отырып, жүйелі ойлауға және ойын нақты жеткізе білуге, ертегі құрылымын жалғастыра таба білуге үйренеді.
Мысалы: «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», т.б ертегілерін бейнеролик арқылы көріп болған соң, тапсырмалар беріледі. Мақсаты: ертегі желісін рет-ретімен шатастырмай жүйелеп айтқызу.
Тапсырманы орындату үшін ертегі желісін баяндайтынсуретті сызбанұсқаны пайдаланадым. Бұл сызбанұсқа арқылы жұмыс жасай отырып, балалар ойларын жүйелеп, ертегінің кейіпкерлерін шатастырмай сөйлетіп шықты. Бүгінгі таңда бала тілін дамытудың таптырмас құралы- интерактивті ойындар. Интерактивті ойынында түрлі ертегі бар.
Қалаған ертегіні бала ойыншыққа койып тиісті батырманы басып, бала әуенмен қалаған ертегіні тыңдай алады. Нәтижесінде бала ақпараттық құралмен жұмыс жасауды меңгеріп қана қоймай, екі-үш сөйлемнен тұратын шағын мәтін құрағанын байқамай да қалады. Жоғарыда таныстырылған бала тілінің дамытудың әдіс- тәсілдері тәрбиешіге көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Қорытындылай келе, бaлa тілін дaмытудa, ой – өрісін кеңейтуде хaлық aуыз әдебиетін бaлaбaқшaдa пaйдaлaнудың мaңызы зор.
Баланы көркем әдебиет мәдениетіне баулуды ерте жaстaн бaстaғaн дұрыс. Бaлa шығармашылығы еліктеуге негізделген, олбaлaның дaмуындa, тілін дамытуда негізгі фактор болып табылады. Aлдaғы жұмыстарымызда біз хaлық aуыз әдебиетінің бaрлық түрі мен формаларын енгізіп, тиімді пайдаланатын боламыз, себебі халық ауыз шығармашылығынсыз баланың патриоттыққа, aдaмгершілікке тәрбиелеу мүмкін емес.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын
көркем әдебиет арқылы дамыту
Мақсаты: балаларды көркем әдебиет әлеміне баулу. Балалардың көркем сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде ертегілерді қолдану.
Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, сөйлеу дағдыларын арттыруда көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Әрине, мектеп жасына дейінгі сәбилердің әдеби шығармаларды оқи алмайтыны мәлім. Олар әдеби шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп оқып беруі бойынша ғана санасына ұялатады.
Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады.
Мысалы: «Торғай», «Бақа-бақа балпақ», «Қарғалар», «Санамақ», тағы басқалар сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өрнегіне баулиды. Сол себепті де «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы арнайы бөлім, 2-ден 3 жасқа, 3-тен 4 жасқа дейінгі балаларға халық ауыз әдебиеті үлгілерінен «Бесік жыры» сияқты ойнақы өлеңдер, санамақтар берілді.
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады.
Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді – бойын қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі.
Ал тілінің дамуы – баланың бойында қабылдай – ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға оқып беретін шығармалар, негізінен, үш салаға бөлінеді:
1)ауыз әдебиеті нұсқалары;
2) классик жазушылардың шығармалары;
3) қазақ жазушыларының шығармалары.
Көркем шығармаларды оқып беру, оқылған шығарма мазмұнын айтқызу барысында баланың ойлау қабілеті, тілдік қоры дамып, ой-өрісі кеңейеді, айналадағы өмірмен, үлкендердің еңбегі,жан-жануарлардың тіршілігі, төрт түлік мал, олардың төлдері, пірлері, пайдасы, ұлттық салт-дәстүрлерімен танысу арқылы жан-жақты рухани дамиды, адамгершілікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, бауырмалдылыққа тәрбиеленеді.
Ең бастысы, сөйлеу тілі дамиды.