Создано: 19 января 2021
374

Наши Выпускники

Сагимбаева Алина Айдаровна 1999жылы 25 желтоқсанда дүниеге келді. Жамбыл облысы Қордай ауданы #3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектепті 2015 жылы аяқтап, Қордай ауылындағы «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжіне оқуға түседі. “Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру” мамандығы бойынша үздік білім ала отырып, белсенді студенттердің қатарында болды. Колледжді 2019 жылы аяқтап бірден “Нұрсила Әже” бөбекжай-балабақшасына жұмысқа орналасады. Балаларға тәлім-тәрбие бере отырып, аудандық “Педагог шеберханасы” атты байқаудан Гран-при иегері атанып, Жамбыл облыста 2-ші орынға шықты.

Қыдырбек Төлеген Жандосұлы 1998 жылы 21 -ші сәуірде Қордай ауылында дүниеге келген. Қордай ауылындағы М.Ломоносов атындағы #2 орта мектебінде тәлім алып, 2012 жылы аяқтап, Қордай ауылындағы “БЕРЕКЕ” гуманитарлық-техникалық колледжіне оқуға түседі. Онда “Бастауыш білім беру” мамандығы бойынша білім алады. Колледж қабырғасында үздіктердің қатарынан көрініп, белсенділігімен ерекше көзге түседі. Аудандық, Облыстық іс-шараларға, байқауларға қатысады. 2013 жылы Жамбыл облысының үздік 100 студенті қатарынан көрініп, марапатқа ие болады. 2017 жылы Түркия мемлекетінде өткен халықаралық “INTERNATIONAL ART FESTIVAL” байқауында еліміздің намысын қорғап, 1 - орынды иеленді. 2017 жылы Қордай аудандық Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығына “Вокал” үйірмесінің қосымша білім беру педагогы болып жұмысқа орналасады. 2018 жылы Македония мемлекетінде өткен халықаралық “EZERSKI BISERI 2018” байқауында, 1-орынды иеленді. 2019 жылы Түркияда өткен халықаралық “ІАҒ” байқауының 1-орын иегері атанып, сол жылы ИТАЛИЯ мемлекетінде өткен халықаралық “ORPHEUS IN ITALY” байқауының 1-орын иегері атанды. Болгария мемлекетінің вице-президентінің алғыс хатымен марапатталған. Төлеген Жандосұлының шәкірттері, облыс, респулика және халықаралық: ТҮРКИЯ, МАКЕДОНИЯ, ФРАНИЯ, ИТАЛИЯда өткен байқаулардың жүлдегерлері. Қазіргі таңға дейін, 90-ға жуық шәкірт дайындап шығарды. Шәкірттері Т.Жүргенов атындағы өнер колледжі, өнер академиясының студенттері. “Ғұмырдария” республикалық және халықаралық байқауының ҮЗДІГІ төс белгісінің иегері.

Қарабаев Мадияр Бақытбекұлы 1994 жылы 9 мамырда дүниеге келген. Кенен Әзірбаев ауылындағы 42 Е.Қашағанов атындағы орта мектепті 2010 жылы аяқтап, Қордай ауылындағы Береке гуманитарлық техникалық колледжіне оқуға түседі. Онда " Құқықтану" мамандығы бойынша білім алады. Студент шағында үздіктер қатарынан көрініп, белсенділігімен көзге түседі. Облыстық Мұқағали оқулары байқауының жүлдегері. " Әлия гүлі достарын шақырады" атты халықаралық фестивалінің лауреаты. Облыстық Делфи ойындарының лауреаты. 2013 жылы Шымкент қаласында Шымкент университетіне " Тарих" пәні мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2016 жылы аяқтап шығады. 2017 жылы шілде айында " Қордай шамшырағы-Кордайский маяк" аудандық қоғамдық саяси газетіне тілші болып жұмысқа орналасады. 2018 жылы " Jas projekt" республикалық грант иегері атанады. 2019 жылы Қордай аудандық "Jas Otan" Жастар қанатынының басшысы болып сайланады. Қазіргі Қордай аудандық мәслихатының ең жас депутаты. Сонымен қатар, аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.